ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК КҮНІ
Дүниежүзілік еңбек күніне орай «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ ұжым ұстаздарына арналған «Еңбек және қауіпсіздік» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – ұстаздардың еңбек қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Шеберлік сабағы барысында алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер, өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіру тәсілдері, сондай-ақ эвакуациялау тәртібі бойынша теориялық және тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып, түрлі жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Шара барысында ұстаздар белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, маңызды дағдыларды меңгерді.
Шеберлік сабағын өткізген кәсіподақ мүшелері:
Балгожина Н.К.
Тулегенова Г.Д.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы