АУДАНДЫҚ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибені тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты аудандық байқау өтті.
Байқауға ауданның балабақшаларынан тәжірибелі тәрбиешілер қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, педагогикалық шеберліктерін және заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру деңгейін көрсетті.
Қатысушылар «Менің педагогикалық ұстанымым», «Шығармашылық сабақ» және «Педагогикалық жағдаяттарды шешу» кезеңдері бойынша сынға түсті. Әр тәрбиеші баламен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын, инновациялық технологияларды қолданудағы ерекше тәсілдерін ортаға салды.
Байқаудың әділқазылар алқасы:
Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы — Дуанаев Жақан Ногайбаевич;
«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының әдіскері, педагог-сарапшы — Құттыбаева Шынар Капасовна;
№49 орта мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі, педагог-сарапшы — Малимбаева Жанар Дикамбаевна.
Әділқазылар шешімімен байқау қорытындысы төмендегідей болды:
I орын — «Ақтиын» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Декембаева Алия Байдолдановна. Алия Байдолдановна сабақты ұйымдастырудағы жүйелілігімен, балалармен тіл табысу шеберлігімен ерекше көзге түсті.
II орын — «Бүлдіршін» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Абжанова Людмила Турашбековна. Оның ашық ұйымдастырылған оқу қызметі әдістемелік жағынан жоғары бағаланды.
III орынды екі педагог өзара бөлісті:
— «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ысқақ Назым Болатқанқызы;
— «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Алдегенова Кульбакыт Нугумаровна.
«Ай-сана» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ибрагимова Гульсирам Якубжановна «Шебер педагог» номинациясымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының дипломдары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара соңында Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының және әділқазылар алқасының төрағасы Жақан Дуанаев қатысушылардың кәсіби деңгейінің жылдан-жылға өсіп келе жатқанын атап өтіп, барлық тәрбиешілерге бала тәрбиесі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Бұл байқау педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен қарулануына үлкен мүмкіндік берді. «Үздік педагог» атағына ие болған Декембаева Алия Байдолдановна енді облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
Жетісу облысы, Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы