• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ –…

КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС

📍 Ардақ Бахдаулетқызы Бахдаулетова – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасындағы ең жас төрайым. Ол университетті бітіргеннен кейін №74 мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Жұмысының алғашқы күндерінен-ақ кәсіподақ қызметіне белсене араласып, Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіподағы жастар кеңесінің мүшесі атанды.

📢 Жастар кеңесіндегі қызметі аясында ол кәсіподақ тақырыбындағы түрлі іс-шараларды, байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруға атсалысып келеді. Жастар арасында кәсіподақтың рөлі мен мақсаттары, мүшелердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізеді.

🤝 Сонымен қатар, ол жас мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы мен көшбасшылық дағдыларын дамытуына арналған арнайы платформа құру бастамаларын қолға алды. Ардақ 25-26 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Фридрих Эберт қоры бірлесіп ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты. Семинарда кәсіподақ қозғалысын дамыту, жас мамандарды қолдау және жұмысқа жаңа идеялар енгізу секілді өзекті мәселелер талқыланды.

🏕️ Бұған қоса, ол Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырған «Инновациялық жастар – кәсіподақтардың болашағы» атты жас мұғалімдердің V республикалық жазғы лагеріне қатысты. Алынған білім мен практикалық тәжірибе оны жаңа белестерге шабыттандырып, өзге де жас көшбасшылармен пікір алмасуға мүмкіндік берді. Кәсіподақ үшін жастар – жаңа энергия, тың идеялар, IT-дағдылар мен зор әлеуеттің қайнар көзі.

 

👤Қабылдин Нұрлан Қосманұлы – Алматы қаласы №74 мектеп мұғалімі.

Жарияланған күні: Мамыр 4, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты