• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ …

ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕСУ

🖇️Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен “Жастар кәсіподақ ұсынады: XXI ғасыр мұғалімі – дағды, mindset, мүмкіндік” атты жас жетекшілер мектебінің кезекті басқосуы өтті.

📃 Шараның ашылуында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова бүгінгі жас мамандардың білім беру жүйесіндегі рөліне тоқталды. Кәсіподақ төрағасы өз сөзінде қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптардың артып отырғанын, соған сәйкес жастардың кәсіби біліктілігі мен тұлғалық дамуы қатар жүруі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан жас мамандарға көрсетіліп отырған қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталып, олардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіби тұрғыда дамуына бағытталған түрлі бастамалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

▪️Кездесу барысында жас педагогтар белсенділік танытып, үш топқа бөлініп, түрлі бағыттар бойынша топтық тапсырмалар орындады. Әр топ өз идеяларын ортаға салып, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жұмыс форматы қатысушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, жаңа көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік берді.

🔳Іс-шараға арнайы қатысқан Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы Шерхан Отаров пен Дөң мектеп-гимназиясының директоры Гүлсезім Нұрболқызы жас мамандармен ашық диалог құрып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер педагогикалық қызметтегі табысқа жетудің жолдары, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және үздіксіз ізденістің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берді.

📃Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – қатысушыларға “1 жылдан кейін мен қандай мұғалім боламын?” деген сұрақ қойылып, әрқайсысы өз мақсат-мұратын қағазға түсіріп, арнайы қорапқа салуы болды. Бұл ерекше әдіс жас педагогтарға өз болашағын жоспарлауға, нақты мақсат қоюға мүмкіндік берді. Ең қызығы, дәл бір жылдан кейін осы хаттар қайта ашылып, әр қатысушы өз жетістіктерін саралайтын болады.

✔️Жалпы, кездесу мазмұнды өтіп, жас педагогтар үшін ой саларлық, тәжірибе мен шабытқа толы маңызды алаңға айналды.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Жарияланған күні: Сәуір 29, 2026
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты