ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ
Ауғанов Қуанышбек Рахимұлы Көкшетау облысы, Ленин ауданына қарасты Ұялы ауылында 1976 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді.
Ұялы орта мектебін 1993 жылы тәмамдап, Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 1997 жылы бітірді. 1997 жылы С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қызметке орналасты.
Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттың рухани қазынасы, мәдениеті мен тарихының айнасы. Осы асыл мұраны жас ұрпақтың санасына жеткізіп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіретін басты тұлға – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бұл мамандық иесінің атқаратын қызметі ерекше, себебі тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелік мәні зор рухани дүниені қалыптастырады.
Мұғалімнің жетістігі ең алдымен оның шәкірттерінің табысымен өлшенеді. Оқушылары аудандық Абай оқуларының, Мағжан оқуларының, Ілияс оқуларының, «Жарқын болашақ» олимпиадасының, сондай-ақ эссе жазу конкурстарының жеңімпаздары әрі жүлдегерлері.
Қуанышбек Рахимұлы 2025 жылғы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері олимпиадасының жеңімпазы.
Ұстаздың қажырлы еңбегі үшін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі әрдайым құрметке лайық. Ол – білімнің шамшырағы, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі.
Ұстаз еңбегі ешқашан елеусіз қалмайды, себебі оның жемісі – ел ертеңі.