ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай білім саласында еңбек етіп жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – ел тыныштығы жолында ерлік көрсеткен азаматтарға құрмет білдіру, олардың қоғамдағы және жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін насихаттау болды.
Мерекелік кездесуді Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, ардагерлерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол ардагерлердің қайсарлығы мен отансүйгіштігі кейінгі буынға әрдайым үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім саласында табанды еңбек етіп жүрген ауған соғысының ардагерлері өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ерекше рөл атқарып келе жатқанын жеткізді.
Салтанатты қабылдау барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлықтар табыс етілді. Шараға қатысушылар ардагерлердің естелік әңгімелерін тыңдап, олардың өмір жолы мен еңбек тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, ардагерлер өздерінің қызметі жайында да ойларын ортаға салды. Мерекелік жиында бейбіт өмір мен тұрақтылықтың қадірі, ел бірлігі мен ынтымағы туралы тағылымды ойлар айтылды.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-