ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ ЖЕҢІС БАТЫРЛАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ өкілдері дәстүр бойынша «Жеңіс» мемориалдық кешеніндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Білім саласы кәсіподағының атынан салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және өзге де бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, Өскемен қалалық кәсіподақ ұйымы және тікелей қызмет көрсетудегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты.
Жиналған қауым майдан даласында жан қиған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қаһарман ұрпаққа деген шексіз алғыстарының белгісі ретінде ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Өңірлік кәсіподақтардың бұл бастамасы – ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Бұл шара батырларымыздың өшпес ерлігін ұлықтауға және тарихи жадыны сақтауға қосылған маңызды үлес болмақ.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-