ЖЕТІСУДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Білім беру жүйесіндегі Конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім саласын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» атты кездесу өз жұмысын сәтті аяқтады.
Шараға Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әлішер Башаров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов және білім саласының өкілдері қатысты. Кездесу барысында маңызды баяндамалар тыңдалып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кездесуде «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Тұрысбеков Болат Каметұлы баяндама жасады. Ол «Білім беру жүйесіндегі жаңа Конституцияның мемлекет серпініне әсері» тақырыбында мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Баяндамада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының білім беру жүйесіне тигізер оң ықпалы, оқытушылар мен қызметкерлердің құқықтық қорғалуы, сондай-ақ білім сапасын арттырудың заңнамалық негіздері егжей-тегжейлі баяндалды.
Кездесу қатысушылары білім беру жүйесін дамытуда конституциялық нормаларды тиімді қолданудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударды.
Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-