ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
«Ұстаз» кәсіподағы еңбек қауіпсіздігіне айрықша назар аударады. Жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамда өндірістік жарақаттар мен қолайсыз еңбек жағдайлары мәселелері туралы хабардарлықты арттыру және жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс орны жағдайларын жасау мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №40 бөбекжайда кәсіподақ комитетінің төрайымы Эльмира Қашқынбайқызы Төлеушова «Еңбек етсең адам боларсың» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жас педагогтар модельдер мен макеттерді пайдаланып, идеалдағы жұмыс орны туралы өз көзқарастарын шығармашылықпен ұсынды. Ең үздік жұмыстар «Ұстаз» кәсіподағының Алғыс хаттарымен марапатталды.
С.Өтебекова, Алматы қаласы
№40бөбекжай техникалық инспекторы
-
Фото
-