ӨНЕР – ҰЖЫМНЫҢ РУХАНИ КҮШІ
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Өнерлі өрге жүзеді» атты III қалалық музыкалық байқауда №210 мектеп-лицей ұжымы «Хор» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – ұжымның ауызбіршілігі мен шығармашылыққа деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Кәсіподақ мүшелерінен 70 адамдық хор дайындаған мектебіміздің музыка пәнінің апайы Сергезиева Тойдық Миратқызының еңбегі ерекше ерен. Тойдық апайымыз шәкірттері түрлі қалалық, республикалық байқаулардан бас жүлде алып жүрген ұлағатты ұстаз. Осы байқауға мектеп-лицей ұстаздары мен қызметкерлерінен құралған хор қатысып, сахнада жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Әсем ән, жарасымды үйлесім және көтеріңкі көңіл-күй көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.
Мен, Алматы қаласындағы №210 мектеп-лицейдің бастауыш кәсіподақ комитеті төрағасы Абдреймова Жәмила Әлиқызы осы хор құрамында өнер көрсеткенімді мақтан етемін. Ұжыммен бірге ән айтып, ортақ жеңіске жету ерекше әсер сыйлады. Бұл жетістік – барша қатысушылардың еңбегі мен бірлігінің нәтижесі. Осындай байқаулар ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өнерге деген қызығушылықты арттыра түседі. Алдағы уақытта да мектебіміз жаңа белестерді бағындыра беретініне сенім мол.
Ж.Абдреймова,
бастауыш кәсіподақ комитеті төрағасы