МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ: СПОРТ, БІРЛІК ЖӘНЕ КОМАНДАЛЫҚ РУХ
16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында кәсіподақ спартакиадасын қорытындылаудың салтанатты рәсімі өтті.
Спартакиаданың негізгі мақсаты ұстаздарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтының тұрақты мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ білім беру саласында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын дамыту болды.
Ақтық кезеңге сәуір айында өткен аймақтық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.
Қатысушыларға аудан әкімі Р.М.Елубаев, білім бөлімінің басшысы Е.Р.Шапиев және ҚР кәсіподақ төрағасы А.Е.Бостыбаева құттықтау сөз сөйледі.
Өткен кезеңнің бағдарламасына бес спорт түрі енді: волейбол, үстел теннисі, асық ату, бес асық, арқан тарту және дартс (әлеуметтік әріптестер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін).
Волейбол мен арқан тартысы командалардың дене дайындығын ғана емес, командалық рухын да көрсетті. Әрбір қатысушы әріптестерінің, көрермендердің қолдауын сезініп, өз командаларына жанкүйер болды.
Спартакиада жеңімпаздары Жаңаауыл орта мектебі І орын, Дәуіт орта мектебі ІІ орын, Восход орта мектебі ІІІ орын иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Спартакиада достық пен командалық рухтың нағыз мерекесіне айналды. Қатысушылар тек спорттық қабілеттерін ғана емес, сондай-ақ күресті, өзін-өзі қолдауды және жеңіске ұмтылысын көрсетті.
Спорт - күштің, сұлулықтың, тамаша денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі!
СҚО, Ақжар аудандық кәсіподақ комитеті