ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Қарабас ауылында, Семёновка орта мектебінің базасында Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Бесқарағай аудандық комитеті Салалық кәсіподақпен бірлесе отырып, жастар қанатының қолдауымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында волейболдан турнир өткізді.
Жарысқа 7 команда қатысты. Тартысты әрі әсерлі өткен ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын — Беген орта мектебінің командасы;
II орын — Глуховка орта мектебінің ұжымы;
III орын — Семёновка орта мектебінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, командалық рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және кәсіподақ мүшелерін біріктіруге өз үлесін қосты.
Бесқарағай аудандық комитеті