ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ
19 мамырда Түркістан облысында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру жүйесіндегі конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғауды қамтамасыз етудің маңызды факторы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара барысында білім беру саласындағы конституциялық қағидаттарды сақтау, педагог мәртебесін қорғау, білім сапасын арттыру және құқықтық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына білім беру саласының мамандары, кәсіподақ өкілдері мен педагогтер қатысып, өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
жиынға Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы қатысып, «Конституциялық құқықтарды іске асыру – білім саласын дамытудың басты бағыты» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде ол білім беру жүйесіндегі заңдылықты сақтау, педагогтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және конституциялық құндылықтарды білім беру үдерісінде тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру жолындағы кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен ұстаздардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру саласындағы конституциялық қағидаттарды одан әрі дамыту бағытында ұсыныстарын білдірді.
-
Фото
-