КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ - БАСТЫ НАЗАРДА
Ақтөбеде Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Ізбағамбетова білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бірқатар білім беру мекемелерінде кездесу өткізді.
Іссапар барысында Тайсойған негізгі мектебі, Жамбыл мектеп-балабақшасы, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі және Теректі негізгі мектебі ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттардың орындалуы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіру бағытындағы мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мекемелердегі құжаттардың жүргізілуі мен кәсіподақ жұмысының ұйымдастырылуына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Ұжым мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кәсіподақ қызметін жүйелеу, құжаттамаларды талапқа сай рәсімдеу және еңбек қатынастарына байланысты туындайтын мәселелер бойынша әдістемелік кеңестер ұсынылды.
-
Фото
-