ӨНЕР – ӨМІР ӨРНЕГІ
Алматы қаласындағы Әуезов ауданының №202 мектеп-гимназия кәсіподақ комитеті ұжымдағы өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсатында өте қызықты да танымдық жағынан пайдалы «Өнер - өмір өрнегі» атты іс-шара өткізді. «Ұстаз» кәсіподағы мүшелері танымал актер, режиссер, театр педагогы, өнер ғылымдарының профессоры, Қазақстанның Халық әртісі - Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті.
Бұл өнер мен мәдениетке деген қызығушылықты арттырып, ұстаздардың рухани дүниесін байытып және шығармашылыққа шабыт беретін танымдық шара болды. Гимназия жұмыскерлері естелікке фотоға түсіп, ардақты қонақтарына сұрақтарын қойып, өнерге деген құрметтерін көрсетті.
Кездесу соңында сөйлеген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлия Балғабаева жастарға ұлт тәрбиесі мен мәдениеті туралы ұлағатты сөздерін үлкен ыждағаттылықпен жеткізе білген Тұңғышбай Жаманқұловқа ұжым атынан алғысын білдірді.
Н.Жауке,
мектеп-гимназия техникалық инспекторы
-
Фото
-