ЖЕТІСТІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
Оқу жылының аяқталуы – ұстаздардың өлшеусіз еңбегі мен оқушылардың талпынысы тоғысқан ерекше кезең. 2025-2026 оқу жылы Кентау қаласының білім саласы үшін табысты, жемісті жыл болды. Бір жыл бойы шәкірттер білім мен ғылымда, спорт пен шығармашылықта, робототехника мен түрлі байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, қала мерейін асқақтатты. Осындай жетістіктердің артында әр баланың қабілетін шыңдап, бағыт-бағдар берген білікті ұстаздардың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауы тұрғаны анық. Бұл оқу жылы – ізденіс пен еңбектің, жеңіс пен жігердің айқын көрінісі болды.
Осы орайда 2025-2026 оқу жылының үздік жетістіктерін атап өту мақсатында 19 мамыр күні Ақын Тұма жалпы білім беретін мектебінде «Ақын Тұма мақтанышы – 2026» атты ауқымды салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп ұжымының тың бастамасы мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде өткен мерекелік кеш ерекше әсерге толы болды.
Шараға қала әкімінің орынбасары Б.Әбенұлы, Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Елеусізов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Б.Хабибов, Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы А. Әуелбеков және Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Таукеева қатысты.
Салтанатты жиында жыл бойы қала, облыс, республика көлемінде өткен олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық жарыстарда, шығармашылық байқауларда және робототехника бағытында жоғары жетістіктерге жеткен дарынды оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұстаздар мен балаларға үнемі қолдау білдіріп жүрген ата-аналарға да ерекше құрмет көрсетілді. Қонақтар білім ордасының жетістіктеріне жоғары баға беріп, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығына тәнті болды.
Іс-шара барысында мектептің кіреберісінде ұйымдастырылған көрме көпшіліктің ерекше қызығушылығын туғызды. Оқушылар бір жыл бойы атқарған еңбектерін, ғылыми жобаларын, шығармашылық жұмыстарын және робототехника саласындағы жетістіктерін жоғары деңгейде таныстырды. Әрбір жоба мен жетістік шәкірттердің үлкен ізденісін, ұстаздардың сапалы еңбегін айқындап тұрды. Жас дарындар келесі оқу жылында бұдан да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жетуге уәде берді.
Мектеп басшысы Б.Мирзаевтың білім мен тәрбие жолындағы нәтижелі еңбегі де ерекше аталып өтті. Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Таукеева оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, мектеп музейіне арнайы сыйлық пен құттықтау хат табыстады.
Ақын Тұма мектебі бүгінгі таңда сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырған, талантты шәкірттерді тәрбиелеп отырған үздік білім ордаларының біріне айналып отыр. Осындай тағылымды шаралар арқылы мектеп мерейі артып, шәкірттердің болашаққа деген сенімі нығая түсері анық.
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фото
-