ТАБИҒАТ АЯСЫНДА
Алматы қаласы Наурызбай ауданының орта білім беру ұйымдарының педагогтары, «Ұстаз» кәсіподағының мүшелері мамыр мерекелеріне орай кәсіподақ ұйымының қолдауымен табиғат аясында мәдени-танымдық демалыс ұйымдастырды.
Шара ұжым арасындағы өзара сыйластықты, әріптестік байланысты және ұйымшылдықты нығайтуға бағытталды.
Бейресми ортадағы жүздесу педагогтардың кәсіби қарым-қатынасын дамытуға, ортақ құндылықтарды дәріптеуге және кәсіподақ мүшелерінің бірлігін арттыруға оң ықпал етті.
№176 мектеп-гимназия бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рауан Тоқтарбайұлы қызықты спорттық ойындарды, №192-мектептің кәсіподақ төрағасы Гүлмайра Жұмашева танымдық квест ойынын, №188 мектептің кәсіподақ төрағасы Гүлжан Сауықбаева ән-би байқауын көңілді өткізді.
Кәсіподақ тарапынан көрсетілген қолдау қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени өміріне көңіл бөлудің, ұжымдық рух пен ынтымақтастықты дамытудың маңызды көрінісі болды.
С.Қаржаубаев,
№188 мектеп техникалық инспекторы