ЕҢБЕК АДАМЫ
Жанұзақов Айдын Бегайдарұлы – адал еңбегімен ұжымға сыйлы болып жүрген еңбек адамдарының бірі. Ол Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы «Ақмаржан» бөбекжай-бақшасында сантехник қызметін абыроймен атқарып келеді.
Еңбек – берекенің бастауы. Қоғамның дамуына үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшы мамандардың орны әрдайым ерекше. Солардың қатарында Айдын Бегайдарұлы да бар. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, тынбай еңбек етіп жүрген маман мекеменің жылу және су жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне зор үлес қосуда.
Еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында ол ұжым арасында құрметке ие. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне атсалысып, мекеменің тыныс-тіршілігінің қалыпты жүруіне еңбек сіңіріп жүр. Күнделікті жұмысында ұқыптылық танытып, әр іске үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Айдын Жанұзақовтың адал еңбегі – көпке үлгі. Осындай маңдай терімен елге пайдасын тигізіп жүрген азаматтар құрметке лайық.