ӨНЕРЛІ ОРДАҒА – 50 ЖЫЛ!
Түпқараған аудандық Мұрын Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебінің 50 жылдық мерейтойына арналған «Беттедің бір белесті бөлісуге, Өнердің өрілгенсің өрісінде» атты мерекелік салтанатты шара өтті.
Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Күмбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы болған, ардагер ұстаз Орынбасар Тоғжанов, ақын Светқали Нұржан, өнер ардагері Сержан Шакрат, аудан әкімі Ержан Күмісқалиев, орынбасары Өсер Тілепов, ардагер ұстаздар, облыстық кәсіподақ ұйымының маманы Асылтас Аманиязова және облыстық қосымша білім беру ұйымының, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен педагогтары, түлектер, ата-аналар, аудан ардагерлері, қоғам белсенділері қатысты.
Сөз сөйлегендер құттықтаулары мен ыстық лебіздерін жеткізді. Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінен құралған өнерпаздар құйқылжыта шырқаған ән-жырмен, күмбірлете төгілткен күймен, әсем бимен шарықтап, концерт жоғары деңгейде өтті. 480 орындық өнер мектебінің акт залы лық толған көрерменнің ыстық ризашылығына бөленді.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы
-
Фото
-