ЕҢ КҮШТІЛЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕДІ
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы 2024 жылдан бастап мұғалімдер мен колледж оқытушыларына арналған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттауға қаражат бөліп, айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Бұл шара мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік байқауларына қатысуға деген қызығушылығын арттырып, байқауға қатысушылар жұмыстарының сапасын жақсартуға ықпал етті.
Нәтижесінде, Алматы қаласының өкілдері республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсете бастады. 2026 жылға осы мақсаттарға 2,8 миллион теңге бөлінді, олар құзыреттілік байқауларда жүлделі орындар алған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы өндірістік оқыту шеберлері мен ұстаздарына берілді.
Е.Амангелдиев,
Printmedia колледжінің техникалық инспекторы
-
Фото
-