ҚОШ БОЛ, МЕКТЕП!
Соңғы қоңырау – мектеп бітірушілермен қатар ұстаздар үшін де толқынысқа толы күн. Түлектердің кезекті толқыны өмірдің үлкен мектебіне аттанып бара жатқаны мұғалімдер үшін де ерекше сәт. Бүгін №61 жалпы орта мектебінің ұжымы мен түлектерін «Соңғы қоңырау» мерекесімен Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының Түрксіб аудандық филиалы құттықтай келді.
Түлектер үшін бұл күн жарқын мүмкіндіктерге, асқақ армандар мен үлкен жетістіктерге толы жаңа әрі бақытты өмір кезеңінің бастауы болатынына сенім білдіре отырып, .аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.З.Бақторазова ұстаздарға шыдамдылықтары мен қамқорлықтары, ерен еңбектері мен берген білімдері үшін алғысын білдірді. Мектеп қабырғасынан ұшып бара жатқан оқушылар алдағы уақытта да мұғалімдерін жағымды жаңалықтарымен қуанта берсін.
Т.Ахметов,
№61 мектеп техникалық инспекторы