«BIR TOLQYNDA» ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Өскемен қаласында белсенді жастардың басын қосқан «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңы өтті. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров қатысты.
Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мақсат Айтқазы мен Абай атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттік кәсіподақ ұйымының өкілі Жарқын Айдос ашық пікір алмасуға қатысты.
Жиынға 150-ден астам өңір жастары қатысып, келесідей өзекті мәселелерді көтерді:
- Жастардың саяси белсенділігі мен қоғамдағы рөлі;
- Шеткі аудандарда жұмысқа орналасу және жас мамандарды қолдау;
- Студенттерге көрсетілетін әлеуметтік көмектер;
- NEET санатындағы жастардың мәселелерін шешу жолдары.
Мәжіліс депутаты жастардың мемлекеттік шешім қабылдау процестеріне қатысуын күшейту, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және өңірлік жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ жастарға арналған бастамалар мен жобаларды таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.
«BIR TOLQYNDA» кездесулері жас буынның үнін естіп, олардың бастамаларына қолдау көрсетудің маңызды тетігіне айналып келеді.
Кәсіподақ белсенділерінің мұндай мемлекеттік деңгейдегі ашық диалогтарға атсалысуы жастар ұйымдарының әлеуетін арттырып, олардың аймақтық мәселелерді шешудегі рөлін күшейте түспек.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-