ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Қай салада болмасын жас мамандар жаңашылдық пен ізденістің үлгісі бола алады. Ал білім беру саласында жас ұстаз – болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін, білім мен тәрбиені қатар ұштастыратын тұлға.
Осындай өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл әрі ізденімпаз жас мамандардың бірі – Жарылқасынова Эльвира Бақтыбайқызы.
Эльвира Бақтыбайқызы 1996 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Бала кезінен білімге құштар, алғыр оқушы 2017 жылы «Болашақ» университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2017–2020 жылдары Қызылорда қаласында орналасқан №8 П.Осипенко атындағы мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастап, кәсіби тәжірибе жинақтады.
2019 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы №203 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде еңбек етіп келеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашыл ұстаз ретінде әріптестері мен шәкірттері арасында құрметке ие.
Жас маман ретінде Эльвира Бақтыбайқызы жарыстардың жүлдегері атанып, білім саласында өз орнын қалыптастырып келеді. Оның кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің айқын дәлелі.
Бүгінгі таңда ұстаз тек білім беруші ғана емес, шәкіртінің жан дүниесіне терең үңіліп, өмірлік бағыт-бағдар көрсетуші тұлға. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған Эльвира Бақтыбайқызы – болашағынан зор үміт күттіретін жас маман.
«Жас келсе – іске» демекші, Эльвира сынды жас ұстаздардың білім саласына қосар үлесі зор боларына сенім мол.