ҚОҢЫРАУ ҮНІ – ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ
25 мамыр күні қала мектептерінде ерекше толқынысқа толы сәт – соңғы қоңырау салтанаты өтті. Мектеп бітіруші түлектер үшін бұл күн – жаңа өмірге бастар маңызды қадам, үлкен үміт пен жарқын болашақтың бастауы.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейтасқаров Мұрат Айнашұлы бірқатар білім беру ұйымдарындағы мерекелік іс-шараларға қатысып, ұстаздар қауымын, түлектер мен ата-аналарды айтулы күнмен құттықтады.
Ұстаздарға қажырлы еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірілді. Мектеп бітірушілерге сәттілік, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктер тілейміз.
Соңғы қоңырау – балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше мереке. Барша түлекке ақ жол!
Тоқтарбай Рауан,
мұғалім, техникалық инспектор
-
Фото
-