ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
Күләш Айнабаева – Сыр өңірінің білім беру саласы мен мәдени-рухани өмірінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, парасат-пайымы биік аяулы тұлға, биология пәнінің мұғалімі, ардагер-ұстаз. Оның еңбек жолы жас ұрпақтың санасына білім нәрін сеуіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың шынайы үлгісі.
Ұзақ жылдар бойы биология пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып, шәкірттерін табиғатты аялауға, ғылым мен ізденіске баулыды. Оның шеберлігі мен біліктілігі талай жастың үлкен өмірге жолдама алып, ел игілігіне қызмет етуіне даңғыл жол ашты.
Күләш Айнабаева тек білім беру ісімен шектелмей, аймақтың мәдениеті мен руханиятын өркендетуге де белсене атсалысып келеді. Өңірдің бай тарихын, соның ішінде «Қызылорда вальсі» секілді мәдени мұраларды насихаттауда өзіндік азаматтық үнін қосып, баспасөз беттерінде мазмұнды мақалалар жариялады. Оның ел дамуы мен қала көркіне сүйсінген пайымды пікірлері өскелең ұрпаққа отаншылдық пен туған жерге деген шексіз махаббаттың үлгісін көрсетеді.
Көпжылдық қажырлы еңбегі мен ұстаздық кәсіпке адалдығы үшін Күләш Айнабаева «Еңбек ардагері» мәртебесіне ие болып, салалық және аймақтық деңгейдегі жоғары марапаттармен, Алғыс хаттармен ұлықталды.
Қызылорда облыстық ұйымы