НАУҚАН БАЛАЛАР МЕЙРАМЫНА АРНАЛДЫ
Бүгін Алматы қаласының Жетісу ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі күні, «Біз бақытты балалық үшін!» акциясының қорытындысы шығарылды.
22–30 мамыр аралығында өткен акция аясында ауданның кәсіподақ мүшелері – педагогтардың балалары арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар кәсіподақ тарапынан марапатқа ие болып, сыйлықтар алды. Балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін одан ары дамыта беруге барлығымыз ат салысайық.
«Ұстаз» кәсіподағы