БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Көптен күткен жаз келді. Жаздың алғашқы күнінде бүкіл ел керемет мерекені - Балаларды қорғау күнін тойлайды. Бұл балалар үшін көңілді және қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға балаларымыздың үнемі махаббатқа, қамқорлыққа және қорғауға мұқтаж екенін еске салады.
Дәстүр бойынша, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы барлық орта мектептерде Балаларды қорғау күніне және мектеп лагерлерінің ашылуына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. №3 оқушылар үйінің оқушылары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық концертін өткізді. Алдағы үш ай өте көңілді де қызықты өтетініне сенімдіміз.
-
Фото
-