ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ
Алматы қаласының Алмалы ауданында балаларды қорғау күніне арналған «Менің Қазақстаным», «Менің Отаным», «Менің сүйікті қалам – Алматы» тақырыптарындағы «Ұстаз» кәсіподағы ұйымдастырған сурет байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға кәсіподақ мүшелерінің балалары белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ерекше таланттарын көрсетті.
Ұсынылған әрбір жұмыс балалардың туған еліне, Отанға және туған қаласына деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ олардың бай қиялы мен шынайы сезімдерін айқын бейнеледі. Марапаттау сәті балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да ерекше қуаныш сыйлады.
Барлық қатысушылар мен ата-аналар кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдауға ризашылықтарын білдірді. Осындай игі бастамалар балалардың шығармашылығын дамытуға, олардың бойындағы талантты шыңдауға үлкен мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, еңбектері және тамаша туындылары үшін алғыс айтамыз. Жас сурешілерге зор денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!