ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
📑Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік пен шынайы мейірімділікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай игі істің бел ортасында жүріп, жас ұрпақтың тәрбиесіне сүбелі үлес қосып келе жатқан білікті педагогтардың бірі – Жақсығарина Зинегүл Елубайқызы.
📝 Зинегүл Жақсығарина 1972 жылдың 30 қаңтарында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы «Нұрлы болашақ» балабақшасында бастап, содан бері бүлдіршіндердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатындағы тәжірибелі маман ретінде кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіруде. Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған «Флористика» авторлық бағдарламасының авторы.
📜Тәрбиеші өз жұмысында әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, олардың қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Заманауи технологиялар мен дамытушы әдістерді тиімді қолдана отырып, тәрбиеленушілердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосуда.
▪️Көп жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, 2015 жылы «Үздік тәрбиеші», ал 2026 жылы «Үздік педагог» атақтарына ие болды. Сондай-ақ облыстық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулар мен кәсіби сайыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанды.
🖇️ Зинегүл Жақсығарина жетекшілігімен тәрбиеленушілер «Алтын сақа» олимпиадасында жүлделі орындарға ие болып, халықаралық «Пони» палитра байқауында жеңімпаз атанды. Оның «Флористика» авторлық бағдарламасы облыстық байқауда І орын алып, республикалық деңгейде жарияланды.
🧩Әр баланың жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиені ұштастыра білген Зинегүл Жақсығарина– өз ісіне адал, кәсіби шеберлігі жоғары педагог. Оның еңбегі мен тәжірибесі жас ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған игілікті қызметтің жарқын үлгісі болып табылады.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы