ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
📃Ізденісі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірт тәрбиесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жаңашыл идеясы мен шығармашылығын ұштастыра білген, білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген жас ұстаздардың бірі – Тлеуғалиева Сағира Әлімқызы.
▪️Тлеуғалиева Сағира Әлімқызы — 1992 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылдан бастап Амангелді орта мектебінде еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда педагог-сарапшы санатындағы білікті ұстаз.
📄2025–2026 оқу жылында ол «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2025» аудандық байқауында І дәрежелі диплом иеленіп, облыстық кезеңде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік бастауыш кабинет – 2025» байқауында аудандық деңгейде ІІ дәрежелі диплом алып, облыстық кезеңде де ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2026 жылы облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен пәндік олимпиадада І дәрежелі диплом жеңіп алып, өзінің кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұдан бөлек, «Педагогикалық идеялар – 2025» аудандық байқауында белсенділігі мен жаңашыл көзқарасы үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық деңгейде өткен «Заманауи мұғалімнің кәсіби бейініндегі ЖИ технологиялар» вебинарында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, 2026 жылғы «Үздік сабақ жоспары» байқауында диплом иегері атанды.
📑Ұстаз жетістігі – шәкірт жетістігімен өлшенеді. Сағира Тлеуғалиеваның шәкірттері де түрлі білім додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, аудандық «БАСТАУ» олимпиадасында ІІ дәрежелі диплом иегері атанса, «Ақбота», «Кенгуру», «Smart Оқушы» сияқты білім байқауларында І және ІІ орындарға ие болған.
🔹 Жаңашыл көзқарасы мен кәсіби ізденісі ұштасқан Сағира Тлеуғалиева – заман талабына сай әдістерді тиімді қолдана білетін білікті ұстаз.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы