ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ
Астана қаласында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған EduAI республикалық педагогикалық хакатоны өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық педагог бас қосқан ауқымды шарада қатысушылар білім беру саласындағы инновациялық жобалары мен заманауи шешімдерін ұсынды.
Бұл байқауда Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, кәсіподақ мүшесі Серік Кемал жоғары кәсіби шеберлігі мен жаңашыл көзқарасын танытып, үздік қатысушылар қатарынан көрінді. Хакатон қорытындысы бойынша ол бас жүлдені иеленіп, Оңтүстік Кореяға білім беру сапарына жолдама алды.
Бұл жетістік – педагогтың шығармашылық ізденісі мен кәсіби біліктілігінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе өңірінде инновациялық білім беру технологияларын дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың жемісі.
Республикалық деңгейдегі беделді алаңда қол жеткізілген бұл жеңіс өңір педагогтерінің заманауи технологияларды тиімді меңгеріп, білім беру саласының дамуына белсенді үлес қосып жүргенін айқын көрсетеді. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін білім беру сапары Серік Кемалдың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, алған тәжірибесін әріптестерімен бөлісуіне жол ашады.
Әріптесімізді айтулы жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық жеңістер тілейміз!