ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ
Қалалық кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, қоғамдық бақылау жұмысының жүзеге асырылуы аясында 11 маусым күні №121 балабақшада қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылауға Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер бойынша бас маманы Г. Жаркенова және қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т. Нұркешов қатысты.
Бақылау барысында мекеме басшысы С. Әбішева мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Қасимова мекеменің жұмыс жоспары мен қажетті құжаттарын таныстырды.
Қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты - мекеме жұмысымен танысу, ұжымдық келісім шарты тармақтарының орындалуын зерделеу, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді қарастыру.
Атап айтқанда, ұжымдық келісім шарттың «Жұмыс уақыты және демалыс уақыты» бөлімі бойынша талдау жүргізіліп, нақты ұсыныстар берілді.
Жалпы, қоғамдық бақылау барлық білім беру ұйымдарында жүйелі түрде жүзеге асырылатын, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына ықпал ететін және мекеме жұмысына тәжірибелік көмек көрсететін маңызды жұмыстардың бірі.
Павлодар облыстық ұйымы