ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ
10 маусымда Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының Атқару комитеті мен Кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Отырыста көпжылдық адал еңбегімен ерекшеленген, кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері болып табылатын педагогикалық емес мамандық қызметкерлерін марапаттау мақсатында «Ұстаз» кәсіподағының бастамасымен «Еңбек адамы» төсбелгісін енгізу ұсынылды.
Жаңа марапат кәсіподақ мүшелері қатарындағы педагогикалық емес мамандық иелерінің еңбегін бағалауға, олардың кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуын ынталандыруға және еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған.
-
Фото
-