«ҰСТАЗ» КӘСІПОДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫН ЖАҢҒЫРТТЫ
Кеше Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы жанынан жаңадан сайланған Жастар кеңесінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Бұл жиын жастар ұйымының алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, жаңа бастамаларды айқындауға арналды.
Отырыстың күн тәртібінде жаңа құрамның кәсіподақ жастарының жұмысына серпін беруі, жаңа оқу жылына жоспарланатын іс-шаралар, сондай-ақ жастарды кәсіподақ қозғалысына кеңінен тарту мақсатында фестиваль-форум өткізу мәселелері қаралды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, алдағы кезеңде жүзеге асырылуы тиіс нақты ұсыныстарды талқылады.
Жиынға қатысқан «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы С.Байғұтдинов жастардың тың идеялары мен креативті бастамаларын әрдайым қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол бүгінгі белсенді жастардың болашақта білікті кадрларға айналатынына сенім білдіріп, көтерілген мәселелер тек талқыланып қана қоймай, нақты іске асуы қажеттігін жеткізді.
«Ұстаз» кәсіподағы
-
Фото
-