МӘРТӨКТЕГІ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН: САЙЛАУ, АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС
Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ХХХ кезектен тыс сайлау конференциясына қатысты.
Конференция жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Жиын барысында ашық дауыс беру нәтижесінде Жапақова Ләззат Тәжібайқызы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы болып сайланды.
Кездесу аясында облыстық ұйымының өкілдері кәсіподақ мүшелерінің еңбек демалысын рәсімдеу тәртібі, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер және қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова өз сөзінде кәсіподақтың қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңызды рөліне тоқталып, әлеуметтік әріптестікті дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде облыстық ұйымның заңгері Нұрлан Жетпісбай еңбек заңнамасындағы өзгерістер, қызметкерлердің құқықтық кепілдіктері, еңбек демалысын рәсімдеу тәртібі және еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша қатысушыларға түсініктеме берді.
Басқосу барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті құқықтық кеңестер алды.
-
Фото
-