АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымының Пленумы өтті. Пленум жұмысына облыстық бірлестік төрағасы Аққали Ахмет төрағалық етті.
Күн тәртібінде Мақат аудандық филиалының (төраға Ерболат Құлтаев), жарғылық міндеттері туралы, Қызылқоға аудандық филиалының (төраға Кенже Кәрім) қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және қызметкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі жұмыстары қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісілі қаулылар қабылданды.
Сонымен қатар мәжілісте Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушысы, бірнеше жыл аталған оқу орны бастауыш кәсіподақ ұйымына басшылық еткен Баян Ташембаева «Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фото
-