КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ӘН КЕШІНДЕ
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының мүшелері қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алматы әуендері» концертін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Кеш барысында көрермендер қазақ эстрадасының танымал әндерін тыңдап, көтеріңкі көңіл-күй мен рухани демалыс сыйлаған тамаша өнер кешінің куәсі болды. Ұстаздар күнделікті еңбектен кейін сергіп, әріптестерімен бірге мазмұнды уақыт өткізді.
Осындай мәдени іс-шаралар педагогтердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, рухани дамуына және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
«Алматы әуендері» концертін ұйымдастырушыларға және Алматы қаласы әкімдігіне ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін шынайы алғыс білдіреміз!
«Ұстаз» кәсіподағының Наурызбай аудандық филиалы