БУРАБАЙ ТӨРІНДЕ – МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖАС ҰСТАЗДАРЫ!
22–26 маусым аралығында Бурабайдың көркем табиғат аясында өтіп жатқан «Жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагері» жас педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін беретін маңызды халықаралық алаңға айналды.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған тағылымды шараға бес мемлекеттен келген жүзге жуық жас педагог қатысуда.
Маңғыстау облысының атынан қатысып отырған жас ұстаздарымыздың қатарында:
Бегімжан Асқаров – Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы;
Гүлнұр Кушанова – Маңғыстау туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы;
Асқар Бақытжан – Жаңаөзен қаласындағы «Дарын» мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
Дариға Әбуғалиева – Бейнеу ауданындағы Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы.
Халықаралық лагерь – тәжірибе алмасудың, кәсіби шеберлікті шыңдаудың, көшбасшылық қабілеттерді дамытудың және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың тиімді алаңы.
Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы халықаралық деңгейде өңіріміздің білім беру әлеуетін лайықты таныстырып жүрген жас педагогтарға сәттілік, тың бастамалар, шығармашылық шабыт пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.
Жас ұстаз – ел болашағының шамшырағы. Білім мен тәжірибе тоғысқан бұл кездесулер достық пен әріптестіктің жаңа белестеріне жол ашсын!
Маңғыстау облыстық ұйымы