МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ПЕДАГОГ ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТТІ
Бурабай төрінде Салалық кәсіподақтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагерінде Маңғыстау өңірінің намысын қорғаған Жаңаөзен қаласындағы Дарын мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Бақытжан Жалғасбайұлы өзінің ерекше өнерін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Кәсіби шеберлік пен сахналық мәдениетті үйлестіре білген ұстаздың таңғажайып қойылымдары көрермендерді таң-тамаша қалдырып, халықаралық лагерь қатысушыларының жоғары бағасына ие болды.
Маңғыстаулық ұстаздың бұл өнері өңір педагогтарының жан-жақтылығын, шығармашылық әлеуетін және халықаралық деңгейде өз таланттарын таныта алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Маңғыстау облыстық ұйымы