ТАШКЕНТКЕ ТАҒЫЛЫМДЫ САЯХАТ
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен облыстың білім беру саласының 120 қызметкері Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына танымдық-мәдени саяхат жасап қайтты. Бұл шара кәсіподақтың өз мүшелеріне көрсеткен тұрақты әлеуметтік қолдауы мен еңбек адамдарының рухани серпілісі мен мәдени дамуына бағытталған жүйелі жұмысының жарқын көрінісі болды.
Саяхат барысында тарихи-мәдени орындар мен заманауи демалыс кешендері араланып, қатысушылар көрші елдің бай мәдениетімен, тарихымен және сәулетімен танысты. Сонымен қатар табиғаты көркем демалыс аймақтарында болып, көтеріңкі көңіл-күй мен рухани серпіліс алды. Кәсіподақ ұйымы саяхатшылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық жағдайды жоғары деңгейде жасап, сапардың мазмұнды әрі қызықты өтуін толықтай қамтамасыз етті.
Мұндай тағылымды сапарлар білім беру саласы қызметкерлерінің өзара ынтымақтастығын нығайтып, мәдени танымын кеңейтуге, кәсіби қызметіне тың серпін беруге ықпал етеді. Сондай-ақ әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты арттырып, ұжымдық бірлікті бекемдей түседі. Ұйым мүшелері еңбек адамдарына осындай рухани демалыс сыйлап, ынталандырып отырған облыстық кәсіподақ ұйымына өздерінің шынайы ризашылықтарын білдірді. Ташкент қаласына ұйымдастырылған бұл саяхат қатысушылардың жадында ерекше әсерге толы жарқын естелік болып сақталары сөзсіз.
Қызылорда облыстық ұйымы
-
Фото
-