ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУДА
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын нығайту және сапалы демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Жазғы сауықтыру маусымы аясында филиалға қарасты кәсіподақ мүшелері еліміздің көрікті шипажайларында тынығып, денсаулықтарын нығайтуда.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының білім саласы қызметкерлері кәсіподақтың қолдауымен «Айша-Бибі», «Жаркент-Арасан», «Текелі» және «Қаратал» шипажайларында демалуда.
Шипажайларда ұсынылатын емдік және сауықтыру шаралары ұстаздардың денсаулығын жақсартып, бір жылдық қажырлы еңбектен кейін күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік беруде. Мұндай қолдау кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етумен қатар, олардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен дайындалуына оң ықпал етеді.
Бүгінде шипажайларда тынығып жатқан әріптестерімізден келіп жатқан жылы лебіздер мен ризашылық сөздер кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан игі істердің нақты нәтижесін көрсетеді. Ұстаздардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мұндай бастамалар кәсіподақ ұйымының басты назарында болып қала береді.
Талдықорған қалалық филиалы алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауын күшейту, сауықтыру және демалыс бағдарламаларын жүйелі түрде жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Ұстаздардың денсаулығын нығайту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі.
Кәсіподақ ұйымы ұстаздар қауымының игілігі жолындағы жұмыстарын одан әрі жандандырып, сала қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.
Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы
-
Фото
-