ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ДЕМАЛЫС - БАСТЫ НАЗАРДА
Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен кәсіподақ мүшелерінің жазғы сауықтыру және демалыс шаралары жалғасуда.
Бүгінде бір топ білім саласының қызметкерлері Сарыағаш өңіріндегі шипажайда тынығып, ем қабылдауда. Шипажайда олар денсаулықтарын нығайтып, түрлі емдік-сауықтыру процедураларынан өтіп, жаңа оқу жылының қарсаңында күш-қуат жинауға мүмкіндік алуда.
Ұстаздардың денсаулығына ерекше көңіл бөліп, олардың сапалы демалысын ұйымдастыру – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осындай игі бастамалар білім қызметкерлерінің еңбекке деген ынтасын арттырып, кәсіби қызметіне серпін береді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Қобда ауданынан тағы бір топ білім қызметкері Бурабай–Зеренді өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа шығады. Бұл сапар барысында қатысушылар еліміздің көрікті табиғатымен танысып қана қоймай, тарихи-мәдени орындарды аралап, рухани танымдарын кеңейтуге мүмкіндік алады.
Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың денсаулығын нығайтуға және мазмұнды демалысын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыра береді.
-
Фото
-