ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ
Қарағанды облысының жас педагогтары үшін салалық кәсіподақ ұйымдастырған лагерь нағыз кәсіби даму мен шығармашылық шабыт мекеніне айналды.
Біз, облысымыздың жас ұстаздары, осы игі шараның басы-қасында жүрген Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Біз лагерде тәжірибе алмастық: көршілес елдерден, республикамыздың түкпір-түкпірінен келген әріптестермен танысып, оқытудың жаңа әдістемелері бойынша пікір алмастық.
Тренингтер мен интерактивті сабақтар арқылы өзімізді жаңа қырымыздан тануға мүмкіндік алдық.
Кәсіби қолдауға ие болдық: кәсіподақ ұйымының әрқашан жас мамандардың жанынан табылып, олардың әлеуметтік және құқықтық мүдделерін қорғап қана қоймай, осындай танымды демалыс ұйымдастыруы – біз үшін үлкен мотивация.
Бұл лагерь бізге тек білім ғана емес, жаңа достар, сенімді серіктестер және алдағы оқу жылына үлкен күш-жігер сыйлады. Ұстаздық жолдағы мақсаттарымызды айқындап, кәсіби шеберлігімізді шыңдауға жол ашқан кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз!
Ел болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіндегі жауапты ісімізде әрдайым биіктен көріне берейік!
Қарағанды облысы