ЖАНҒА ҚУАТ, ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАҒАН САПАР
Күн сайын шәкірт тәрбиесіне бар жүрегін арнап жүрген ұстаздар мен білім қызметкерлеріне кейде ұзақ демалыс емес, жанды сергітер бір сәттің өзі жеткілікті.
Осы мақсатта Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 100-ге жуық білім қызметкері Алматы облысының көрікті мекендері – Шарын шатқалы мен Көлсай көлдеріне туристік-танымдық сапарға барып қайтты.
Шарынның асқақ жартастары мен Көлсайдың тұмса табиғаты қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, жаңа күш пен шабытқа бөледі. Әріптестермен сырласып, табиғат аясында тынығу – олардың көңіліне қуаныш, жүректеріне жылулық сыйлады.
Бұл сапар – ұстаз еңбегіне деген құрметтің, адамға деген қамқорлықтың және рухани қолдаудың жарқын көрінісі.
Еңбек адамының көңілін көтеріп, жанын сергітетін осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!
Қызылорда облыстық ұйымы