КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МҮМКІНДІК
Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтардың денсаулығын нығайтуға, олардың сапалы демалысын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Жазғы каникул кезеңінде кәсіподақ ұйымының қолдауымен ауданның бірқатар білім саласы қызметкерлері Алға қаласындағы «Шипагер» және Сарығаш өңіріндегі «Ердәулет» емдеу-сауықтыру орталықтарында тынығып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды. Шипажайларда демалушылар емдік-сауықтыру шараларынан өтіп, жаңа оқу жылына дайындықтарын демалыспен ұштастырды.
Кәсіподақ ұйымының жазғы бағдарламасы мұнымен шектелмейді. Алдағы күндері Мәртөк ауданының бір топ ұстазы Алматы қаласына тарихи-танымдық сапарға шығады. Сапар барысында олар еліміздің көрікті табиғатымен танысып, Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және басқа да тарихи-туристік нысандарды аралайды. Бұл саяхат ұстаздардың рухани тынығуына, туған елдің табиғи және мәдени мұрасын тереңірек тануына мүмкіндік береді.
Білім қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын күшейтіп, олардың денсаулығы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да білім қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-