КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ - БІЗДІҢ БАСЫМДЫҒЫМЫЗ
Кәсіподақ өз мүшелері мен олардың балаларын сауықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық білім беру, ғылым және жоғары білім кәсіподақ комитеті мен оның филиалдары жыл сайын дәстүрлі түрде кәсіподақ мүшелеріне санаторийлік-курорттық емдеу, демалыс және сауықтыру бағдарламаларын ұйымдастырып, демеушілік етеді, бұл жағдай күштерін қалпына келтіруге, денсаулықтарын нығайтуға және жағымды эмоциялар алуға көмектеседі, сондай-ақ демалысқа бару біздің педагогтар үшін қарым-қатынас жасауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Сауықтыру - бұл демалу мүмкіндігі ғана емес, денсаулыққа, жақсы көңіл-күйге және өмір сапасына қосқан маңызды үлесі.
Біздің кәсіподақ мүшелеріміз арасында «Дискавери-Бурабай» курорт-отель - Бурабай курорт аймағындағы, Петропавл қаласындағы «Нептун» аквапаркында, «Парк-отель Пестрое» демалыс аймағында сауықтыру және демалу өте танымал.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында санаторийлерде, профилакторийлерде және басқа да сауықтыру орталықтарында кәсіподақ комитеттерінің қолдауымен 1800-ге жуық кәсіподақ мүшелері сауығып, демалды.
Кәсіподақ мүшелерінің балалары үшін, демалыстарын балалар сауықтыру орталықтарында өткізуге мүмкіндік беріледі, онда оларды қызықты іс-шаралар, жаңа достар, белсенді демалыс және қауіпсіз жағдайлар жасалған.. 400 - ге жақын балалар - олар педагогтар және басқа да білім беру саласының қызиеткерлерінің балаары, кәсіподақтар қолдауымен демалысқа барды.
Облыстың кәсіподағы өз мүшелері мен олардың балаларының сауықтыру бағдарламаларын пайдаланып, денсаулыққа пайдалы уақыт өткізуі үшін жұмыс істеуді жалғастыруда.
Біз кәсіподақ мүшелерінің денсаулығы, тыныштығы мен игілігі үшін жағдай жасаймыз!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-