ЫРҒЫЗДЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Астана қаласында ересектер арасында асық атудан командалық Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынаған жарыста ұлттық спорттың деңгейі мен шеберлігі жоғары екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Чемпионатта Ақтөбе облысының құрамасы 18 ұпай жинап, 19 ұпайлық көрсеткіштің ішіндегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Ақтөбе облысының чемпион атанған құрамасы сапында Ырғыз ауданындағы №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Мейрамбай Жандос пен «Ырғыз» мектептен тыс аула клубының үйірме жетекшісі Нұрбол Заман өнер көрсетті. Олар ел чемпионы атанып, Ақтөбе облысынан шыққан асық атудан тұңғыш Қазақстан Республикасының спорт шеберлері атағына ие болды.
Айта кетейік, жеңімпаз спортшыларды «Ырғыз» мектептен тыс аула клубының директоры, тәжірибелі жаттықтырушы Жанболат Балданов баптайды.
Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушының жүйелі дайындығының нәтижесі. Сонымен қатар, бұл – Ақтөбе облысының асық ату құрамасы үшін тарихи жеңіс. Себебі, федерация құрылғаннан бергі төрт жыл ішінде облыс командасы ересектер арасындағы командалық
Қазақстан чемпионатында алғаш рет топ жарып отыр.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-