ТАРИХ ПЕН ТАБИҒАТ ТОҒЫСҚАН ӨҢІРГЕ ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бір топ кәсіподақ мүшесі Бурабай-Зеренді өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа шықты. Саяхатқа жас ұстаздар, облыстық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары, білім беру саласында үздік нәтижелерімен танылған педагогтар қамтылды.
Бұл тағылымды сапардың басты мақсаты – педагогтардың рухани дүниесін байыту, тарихи-мәдени мұралармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты нығайту және олардың мазмұнды демалысын ұйымдастыру.
Сапар барысында қатысушылар Бурабай-Зеренді өңірінің көрікті табиғатын тамашалап, тарихи және мәдени орындарды аралады. Өңірдің бай тарихымен, табиғи ерекшеліктерімен танысып, қазақ халқының ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар саяхат қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына, еркін пікірлесіп, әріптестік байланысты нығайтуына мүмкіндік берді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы білім қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, олардың кәсіби және рухани дамуына жағдай жасау бағытындағы игі бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Бурабай-Зеренді өңіріне жасалған бұл танымдық сапар қатысушылардың тарихи-мәдени танымын кеңейтіп, туған өлкенің табиғи сұлулығы мен рухани құндылықтарына деген қызығушылығын арттырды.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-