• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТА…

ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар музыка мектептерінің даму тарихы мен бүгінгі жетістіктері білікті басшы, ұлағатты ұстаз Аханова Бақытжан Омарғалиқызының есімімен тығыз байланысты. Өзінің саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ол — ұлттық өнердің шын жанашыры.

Бақытжан Омарғалиқызы 1960 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Бүгінде оның педагогикалық саладағы өтілі — 34 жыл, ал жалпы еңбек өтілі 44 жылды құрайды.

2016 жылдан бастап ШҚО Білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК басшысы қызметін атқарып келе жатқан Бақытжан Омарғалиқызы мекеме жұмысын сапалы жаңа деңгейге көтерді. Оның басшылығымен жүзеге асқан ауқымды реформалар:

- Ол басшылыққа келген тұста мектепте 66 оқушы мен 4 педагог болса, жүйелі жұмыстың нәтижесінде қазіргі таңда шәкірттер саны 1053-ке, ал педагогтар құрамы 57 маманға жетті.

- Ұлан ауданының 12 ауылдық елді мекенінде музыка бөлімдерінің сыныптары ашылып, ауыл балаларының қосымша білім алуына кең мүмкіндік жасалды.

- 2018 жылы мектепке Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.

- Ұзақ жылдар бойы жеке ғимараты болмаған мектептің мәселесін шешу мақсатында, Б. Омарғалиқызының бастамасымен 2024–2025 жылдары заманауи үлгідегі 150 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Тәжірибелі ұстаздың мақалалары «Жаңашыл педагог мінбері», «Ұстаз әлемі» сынды республикалық журналдарда жарық көрген. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының лауреаты және бірнеше әдістемелік құралдардың авторы.

Бақытжан Омарғалиқызының жетекшілігімен дайындалған дарынды шәкірттер Тбилиси (Грузия), Анталия (Түркия), Астана және Семей қалаларында өткен халықаралық және республикалық байқауларда бас жүлде мен жүлделі орындарды иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғап келеді.

Ұлттық өнер мен білім саласына сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін Бақытжан Омарғалиқызы жоғары мемлекеттік және салалық марапаттармен ұлықталды:

- 2025 жыл: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы.

- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгілер.

- Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов медалі.

- 2025 жыл: «Музыка мектебінің үздік педагогы-2025» байқауының облыстық кезеңінің «Бас жүлде» иегері.

Ұстаздық ұстанымы: «Ұлттық өнерді насихаттай отырып, әрбір білім алушының шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет пен өнерге сүйіспеншілік қалыптастыру арқылы рухани кемел, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу – ұстаздық ұстанымымның негізгі бағыты».

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан аудандық кәсіподақ ұйымы

Жарияланған күні: Шілде 15, 2026
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

  • ЕҢБЕК ЕРІ: ЖҮРЕГІН АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ АРНАҒАН …

    None

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    Ұстаздық – жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты