КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА
Ұстаздардың денсаулығын нығайту мен сапалы тынығуына жағдай жасау – кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Жыл сайын кәсіподақ мүшелерін сауықтыру шараларымен қамту арқылы педагогтердің әлеуметтік қолдауын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта Түркістан облыстық ұйымының қолдауымен Төле би аудандық кәсіподақ комитетінің білім саласы қызметкерлері Біркөлік шипажайында, Ташкент қаласындағы STAR MED клиникалық шипажайында және Сарыағаш қаласындағы «Таң нұры» шипажайында тынығып, денсаулықтарын нығайтып жатыр.
Демалыста жүрген ұстаздар шипажайлардан жылы лебіздері мен естелік фотосуреттерін жолдап, кәсіподақ тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа шынайы алғыстарын білдіруде. Олардың көтеріңкі көңіл күйі мен ризашылыққа толы пікірлері бұл игі бастаманың маңызын айқындай түседі.
Ұстаз денсаулығы – сапалы білім мен жарқын болашақтың берік негізі. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады. Барша демалушы әріптестерімізге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және жаңа оқу жылына тың күш-қуат тілейміз!
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фото
-